Білім беру

Білім беру[1] — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.[2]
Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған. Әсіресе, отырықшы аудандарда орта ғасырлардың өзінде-ақ (7 — 8 ғ-лар) көптеген мектептер мен медреселер (мұсылмандық бастауыш оқу орындары), діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істеген. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмед Иүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, т.б. ұлы ойшылдар діни медреселерде оқып, білім алған. 18 — 19 ғ-ларда мұндай медреселер Қазақстанның барлық аймағында ашыла бастады. 19 ғ-дың 2-жартысында Білім беру ісі үш түрлі бағытта дамыды:
- 1) қадим мектептері — мұсылмандық дәстүрлі діни мектептер;
- 2) орыс-қазақ мектептері;
- 3) жәдит мектептері — әр түрлі ғылым салаларын оқытатын жаңашыл бағыттағы мұсылмандық мектептер.
Қазақстанда 19 ғ-дың 50 — 60-жылдарында діни білім беретін 84 оқу орны болды. Бұл оқу орындары ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, қазиларды, сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды діни қызметкерлерді даярлады. Сондай-ақ, халыққа әдебиет, мәдениет, оқу-ағарту мәселелерінен де дәріс беретін мәдени-насихат орталығы рөлін атқарды. Мұндағы мұғалімдердің көпшілігі Мысыр, Бағдат, Стамбұл және Қазан, Орынбор, Уфа қалаларында оқып, тәрбие алған молдалар болған. Медреселерде оқу мерзімі 4 жыл болып, оған балаларды 7 жастан бастап қабылдаған. Ауылдық жерлердегі мектептер қазақтың көшпелі өміріне бейімделіп, оқу күз, қыс айларында жүргізілді.[3]
Білім беру саласындағы белгілі философ Петерс 1966 жылы жарық көріп, 2015 жылы қайта басылған кітабында “білім беру” терминін анықтауда тауындайтын проблемалар туралы егжей-тегжейлі баяндаған. Дегенмен ол бұл термин түрліше қолданылғандықтан, нақты бір анықтама беру қиындығын алға тарта отырып, оның бірқатар “нормативтік” және “танымдық” аспектілерін сипаттап берген. Петерс үшін білім беру жай ғана деректер мен белгілі бір істі қалай орындау жөнінде оқып-білуден де тереңірек мәнге ие. Ал деректерді жай ғана білу сияқты үстірт тәсілдемені ол оқытумен байланыстырды. Білім беру білім алушының әлем жайлы кең түсінік қалыптастыруда ұғымдарды байланыстыра қарастыруын қажет етеді. Петерстің пікірінше, қандай да бір нәрсені білім деп қабылдау үшін, ол білім өлшемдеріне сай келуі тиіс. Оны негізгі құндылықтар туралы пікірлерден бөліп қарастыруға болмайды. Білім беру жоғары моральдық деңгейді, еш мәжбүрлеусіз, баланың миын уландырмайтын тәсілдердің көмегімен іске асырылғаны жөн. Бұл білім алу оқушының келісімімен жүзеге асырылуы қажет дегенді білдіреді (Петерс, 1967; 2010 жылы қайта басылады). Білім беруге мұндай көзқарас бізді міндетті білім беруге қатысты кейбір тәжірибелерімізге күмән келтіруге мәжбүрлейді. [4]
Білім беруді білім жинақтау, дағдылар мен түсінікті немесе танымдық қабілетті дамыту деп түсінеміз. Біздңғ адам ретіндегң ерекшелігіміз оқып, қарым-қатынас жасап және ойлай алатынымызда. Біз бұл іспен өмір бойы, қандай жағдай болса да айналыса береміз. Ерте замандардан бастап-ақ, адамдар отбасында және әлеуметтік топтарда бір-бірінен үйреніп келгені белгілі. Қоғам жетіліп дамыған сайын білім берудің де ауқымы кеңейіп ресмилене түстң. Маңайымыздағы адамдардан әлі де үйрене беретенімізге сәйкес, білім беру жүйесі өміріміздің барлық саласында ерекше рөл атқарады.
Ресми білім беру бастапқыда аз ғана элиталық топ өкілдері үшін қалыптасып дамығанымен, уақыт өте келе, ол барлығы үшін міндетті іске айналды. Алайда бұл элиталық мектептер мен бұқараға арналған мектептердің ұсынатын білімі бірдей деңгейде болды дегенді білдірмейді. Басқаруға дайын адамдар мен бағынуға үйренгендердің алатын дәстүрлі білімі әртүрлі және олардан күтілетін нәтиже де түрліше болады. Уақыт озған сайын, балалар алдыңғы буынмен салыстырғанда мектеп табалдырығын ерте аттап, кеш бітіретіндіктен, олардың білім орындарында өткізетін уақыты да ұзара түсті. Ресми білім беру орындарында өткізілетін уақыттың осылайга ұлғаю тенденциясы әлі күнге дейін жалғасып келеді. Соңғы 16 жастан кейін білім берудің дамуы мен жоғар оқу орындарынының көбеюі және балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беруші мекемелер санының артуы - осының айқын дәлелі. 2015 жылдан бері Англия жастары 18 жасқа жеткенге дейін міндетті түрде қандай да бір білім беру мекемесінде тәлім алуы қажет болса, Ұлыбританияның басқа өңірдерінде мектеп бітіру жасы 16 болып қала беруде.
Қазақ жеріндегі білім беру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ жерінде орыс-қазақ мектептерін ұйымдастырушы миссионерлердің түпкі мақсаты Ресей үкіметіне қызмет ететін кеңсе қызметкерлерін даярлау болатын. Бұл мектептер Ресей үкіметінің шығыс халықтарын орыстандыру саясатының құралы болды. Патша үкіметі Қазақстанда 19 ғ-дың 2-жартысында ашыла бастаған орыс-қазақ мектептерінің алдына “бұратана” халықты ана тілінен, дінінен айыру міндетін қойды. Ресей миссионерлері болса, үкіметтен қазақ арасындағы татар молдаларын Білім беру ісінен алшақтатуды талап етті. Сондай-ақ, олар “ислам дінінің ықпалынан мектеп оқулықтарын қорғау”, араб әліпбиін орыс графикасына ауыстыру, т.б. мәселелермен айналысты. Мысалы, Қазан қаласындағы Діни академияның (1842) “Аудармашылар комитеті” (1847) православие шіркеуінің 307 діни кітабын шығыс халықтарының тіліне аударып, бастырып шығарды (қ. Миссионерлік). Қазақстандағы Б.б. жүйесінің жолға қойылуына, жалпыға бірдей Білім беру саласының дамуына Ы.Алтынсарин зор еңбек сіңірді. Ол мектептердің бірыңғай жүйесін жасап, оны халықтық принциптің негізінде құрды (қ. Алтынсарин мектептері). Бұл жүйе Білім беру саласына 19 ғ-дың 80-жылдарынан бастап енгізілді. Алтынсариннің орыс-қазақ мектептерінің миссионерлік саясаттан тысқары болуы жөніндегі талабы үкімет орындары тарапынан ескерілмеді. Оның басшылығымен 1889 ж. Орынборда қазақ мұғалімдер мектебі ашылып, ол орыс-қазақ мектептеріне мұғалімдер даярлайтын орталыққа айналды (қ. Орынбор мұғалімдер семинариясы). Мұғалімдер семинариясы 1903 ж. Семейде, 1913 ж. Ақтөбе, Верный, Орал қалаларында да құрылды. 19 ғ-дың аяғында Қазақстандағы Білім беру саласында жәдит мектептері маңызды рөл атқарды. Онда дінді, оның тарихын ғана оқытып қоймай, тарих, логика, шешендік өнер негіздері, география, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер оқытылды. Оқу мерзімі әрбір шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты өзгеріп отырды. Оқуды бітірген шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Жәдитшілдік бағытындағы ағартушылар өз кезіндегі Білім беру ісіне елеулі еңбек сіңірді.
Қамқорлық жөніндегі Кеңестің негізгі міндеттері — қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экон. және әлеум. прогресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін-өзі басқаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесу (БҰҰ Жарғысы, 76-бап) болып табылады.[5]
Халықаралық Сот мемл-тер арасындағы даулы мәселелерді шешетін, сондай-ақ БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселелері бойынша консультативті ұйғарым шығаратын ең басты халықар. ұйым болып саналады.
Хатшылық БҰҰ-ның органы міндетін атқарады. Оған Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынбасы бойынша, Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайтын БҰҰ-ның Бас Хатшысы басшылық жасайды. БҰҰ құрамында үш: әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық сала бойынша мамандандырылған 16 арнаулы мекеме (ЮНЕСКО, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекемесі (ЮНИДО), т.б.), сондай-ақ Халықар. құқық комиссиясы, Халықар. сауда құқығы жөніндегі комиссия бар. Қазақстан БҰҰ-на (1992) және оның бірнеше мамандандырылған мекемелеріне мүше болды.[3]
Жалпы білім беру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жалпы білім беру – бұл жеке тұлғаның, ғылыми дүние танымы мен маңызды қасиеттерін қалыптастыру үшін, қоғамдық және еңбек іс-әрекетіне қатысуға әзірлеу үшін, кәсіби білім алуы үшін қажетті ғылым негіздерін оқушылардың меңгеру процесі мен нәтижесі.
Ашық білім беру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ашық білім беру - ашық жүйелер құру арқылы қол жеткізу.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
- ↑ a b «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
- ↑ Стив Бартлетт, Диана Бертон “Білім берудегі зерттеулер” кітабы
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9